Accessibility links

Ресей оппозициясы президент сайлауына ортақ кандидат шығара алатын емес


Ресейдің бас оппозициялық партиясы "Яблоко" 2008 жылы өтетін президенттік сайлауға партия төрағасы Григорий Явлинскийді ұсынамыз деп хабарлады. Явлинскийдің кандидатурасы күзде өтетін партия құрылтайында ресми ұсынылмақ. Ресейдің басқа оппозициялық партиясы – Ресей Халық Демократиялық одағы президент сайлауына оппозиция жетекшісі, бұрынғы бас министр Михаил Касьяновты мұның алдында ұсынып қойған. Осылайша, Ресей оппозициясы билік басындағы "Бірегей Ресей" партиясына қарсы ортақ тұлға шығара алмайтын сияқты.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG