Accessibility links

Америкалық ғарышкер әйелдің рекордын өз отандасы қайта өзгертті


ВАШИНГТОН: Американың Сунита Уильямс деген әйел ғарышкері өткен сенбі күні ғарыш кеңістігінде ең ұзақ болған әйел деген рекордқа ие болды. Өткен жылдың желтоқсан айынан бері қарай ғарышта 188 тәуліктен көп болған С.Уильямс - өзінің отандасы Шэнон Льюсидтің 1996-ншы жылы халықаралық “Мир” ғарыш бекетінде орнатқан рекордын өзгертті. “Атлантис” ғарыш кемесі жерге оралуға әзірленіп жатыр. Шаттлдың Канаверал мүйісіне қонуы 21-інші маусымға жоспарланып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG