Accessibility links

Ауғанстанда тәліптер 2001-інші жылдан бергі ең ірі қастандығын іске асырды


КАБУЛ: Бүгін Ауғанстан астанасы – Кабулда полицияның автобусы жарылып, кем дегенде 35 адам қаза тапты, оның басым көпшілігі полицейлер болатын, тағы талай кісі жараланды. Қазір ресми билік автобус астыртын қойылған бомбадан жарылды ма әлде бұл жанпидашыл-террористің шабуылы болды ма – соны тергеу үстінде. Қастандық қаланың халық көп тұратын бөлігінің полиция кеңсесі маңында болды. Оны тәліптер өз жауапкершілігіне алды.
XS
SM
MD
LG