Accessibility links

Еуроодақ пен Иранның арасында жаңа келіссөз өтеді


БРЮССЕЛЬ: Бүгін Еуропа Одағының өкілі хабарлағандай, Еуроодақтың сыртқы саясатының басшысы Х.Солана Иран делегациясының жетекшісі Әли Лариджанимен осы елдің даулы ядролық бағдарламасы бойынша жаңа келіссөз өткізеді. Осыған дейін Х.Солана мен Ә.Лариджани Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарысты шешуге бағыталған бірқатар келіссөз өткізген болатын. Ресми Теһран өзінің ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатты көздейтінін дәлелдеп келеді. Бірақ Батыс елдері одан “ядролық қару шығаруды көздейді” деп күдіктенеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG