Accessibility links

Ливан бас министрі Фуад Синиора Израильге жасалған зымыран шабуылын айыптады


Израиль солтүстігіндегі Кирият Шмона қаласына кеше екі зымыран түсті, адам шығыны болған жоқ, ешбір ғимаратқа зақым келмеді. Ливанды паналаған "Хезболла" партизандық тобы шабуылға қатысымыз жоқ дейді. Ливан бас министрі зымыран шабуылы тұрықтылық бұзуды көздейді деп айыптады. Ливан оңтүстігінде орналасқан Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік тобы тараптарды сабырлыққа шақырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG