Accessibility links

Палестинаның жаңа үкіметі қызметіне кірісті


Рамалла қаласында өткен рәсімде үкімет антын президент Махмұд Аббас қабылдады. Үкіметке "Хамас" жаугерлік ұйымынан бірде-бір министр тағайындалмады. Үкіметті парламент депутаты болған, Дүниежүзілік Банкте экономист боп істеген Салам Файад басқарады. "Хамас" тобы басқаратын үкімет "Хамас" пен "Фатах" ұйымдарының жанжалы ұшыққан соң, "Хамас" Газа секторын өзіне қаратып алған соң таратылған. Палестина президенті "Хамас" ұйымының қарулы тобын және партизандық жасағын заңсыз деп жариялады. "Хамас" ұйымы жаңа үкіметті мойындамаймыз деді.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG