Accessibility links

Қазақстанда «Нұрбанк» ісі бойынша тағы 5 адам тұтқындалды


АСТАНА: Р.Әлиевтің қылмыстық ісін тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық топқа жататын тағы 5 күдікті, оның ішінде “Нұрбанктің” топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айдар Хасеновты ұрлауға тікелей қатысы бар деп күдіктелген 3 адам ұсталды. Ол туралы бүгін Астанада өткізген брифингте Қазақстанның ішкі істер министрлігінің баспасөз-қызметінің жетекшісі Бағдат Қожахметов хабарлады. Оның мәлімдеуінше, “Алматур” фирмасының президенті әрі ұрланған 2 кісінің мүлкі өзіне заңсыз рәсімдеп алған Құрман Әкімқұлов, Қант зауытындағы күзет қызметінің бұрынғы қызметкері Асхан Бекмұратов және “Нұрбанктің” қауіпсіздік қызметінің бұрынғы бастығы Олег Бекбатыров Ж.Темірәлиев пен А.Хасеновті ұрлауға тікелей қатысқан. Б.Қожахметовтің хабарлауынша, Р.Әлиевті Венадан елге қайтару жұмысы жалғасу үстінде.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG