Accessibility links

Ливан армиясы мен БҰҰ-ының бітім күштері Израиль шекарасының бойын күзетіп тұр


БЕЙРУТ: Ливан армиясы мен Ливанның оңтүстігіне орналасқан БҰҰ-ының бітім күштері соғыс жағдайына сай тұр. Соғыс техникасына отырған патрульдер Израильмен арадағы шекара бойын күзетіп жүр. Жексенбі күні ислам содырлары Израиль территориясын 2 зымыранмен атқылады. Әзірше қаза болғандар немесе зиян келгені туралы мәлімет жоқ. Израиль премьер-министрі Э.Ольмерт БҰҰ-ынан Ливанның оңтүстігіндегі бақылаушыларының қатарын ұлғайтуды өтінді. Жексенбі күні Э.Ольмерт Нью-Йоркте Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Пан Ки Мунмен кездесті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG