Accessibility links

Қазақстандағы парламент сайлауы осы жылы өтуі әбден мүмкін


АСТАНА: Бүгін Қазақстан парламенті саяси партиялардың блок болып бірігуіне тыйым салатын заң жобасын ақырғы оқылымында мақұлдады. Бұл заң оппозициядағы “Нағыз Ақ жол” мен “Жалпыұлттық социал-демократиялық” партияларының парламент сайлауына бірігіп түсу туралы уағдаласуынан кейін қабылданып отыр және ол Н.Назарбаевтың ұсынған конституциялық реформасының бірі болатын. Саяси сарапшылар мен оппозицияның ортақ пікірінше, парламенттің қазіргі құрамы таяуда өзінен-өзі тарап, жаңа реформаға сәйкес жаңа парламенттің сайлануы мүмкін.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG