Accessibility links

ГУАМ саммитінде бірлескен декларацияға қол қойылды


Бүгін Бакуда Грузия, Украина, Молдова және Әзірбайжан лидерлерінің басқосуы өтуде. Демократия мен Экономикалық Даму үшін ГУАМ деп аталатын ұйымның саммитінде бірлескен декларацияға қол қойылды. Оған сәйкес, ГУАМ мүшелері аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты күшейтуге келісті. Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев саммитте сөйлеген сөзінде ГУАМ ұйымы үлкен маңызы бар мәселелрді шеше алады деп мәлімдеді. Басқосуға Грузия президенті Михаил Саакашвили, Украина президенті Виктор Ющенко, Әзірбайжан президенті Илхам Әлиев және Молдова премьер-министрі Василе Тарлев қатысты.
XS
SM
MD
LG