Accessibility links

Бағдадтағы жарылыстан кемінде 60 адам қаза тапты


АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, Бағдадтың солтүстігінде “Әл-Қаидаға” қарсы үлкен әскери шара басталған. Оған АҚШ пен Ирақтың 10 мыңға жуық сарбазы қатысуда. Дияла аймағындағы Бақуба қаласына жақын жерде басталған бұл арнайы операцияның алғашқы сағаттарында 22 соғысушы өлтірілді деп хабарланды. Сонымен қатар, бүгін Бағдадтың орталығында орын алған жарылыстан кемінде 60 адам қаза тауып, бірнеше кісі жараланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG