Accessibility links

Баку қаласында бүгін ГУАМ ұйымы басшыларының саммиті өтеді


Кеше мұнда ұйым сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті. Олар мемлекет басшылары қол қоятын құжаттарды талқылады. Саммитке Грузия президенті Михаил Саакашвили, Украина президенті Виктор Ющенко және Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев қатысып жатыр. Молдова президенті Владимир Ворониннің орнына бас министр Василе Тарлев қатысып жатыр. Қонақ ретінде Литва, Польша және Румыния президенттері қатысады. ГУАМ ұйымына Грузия, Украина, Әзірбайжан және Молдова қатысады. Өзбекстан ұйымнан шығып кеткен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG