Accessibility links

Кувейт ресми Теһраннан өз дипломатынан кешірім сұрауды талап етеді


ӘЛ-КУВЕЙТ: Бүгін Кувейттің ресми KUNA ақпарат агенттігі хабарлағандай, Кувейт үкіметі Теһрандағы бір дипломатының соққыға жығылуына наразылығын білдіріп, ресми Теһраннан кешірім сұрауды талап етеді. Сейсенбі күні Кувейттің сыртқы істер вице-министрі Халид ӘлДжаралла Иран елшісі Әли Джаннатиді шақырып алып, әлгі оқиғаны тергеу жүргізу талабын қойды. Хабарға қарағанда, Кувейт елшілігінің 3-інші хатшысы Мухаммад Әз-Зубиді елшіліктің маңында 2 автокөлік қоршап алып, бір топ кісі оған бас салады. Оны көрген Иран күзетшілері араласпайды.
XS
SM
MD
LG