Accessibility links

Нью-Йорк қаласының әкімі 2008-інші жылғы президент сайлауына түсуі мүмкін


НЬЮ-ЙОРК: Нью-Йорк қаласының әкімі Майкл Блумберг Республикалық партияның қатарынан шықты. Сарапшылардың болжауынша, оның 2008-інші жылғы президент сайлауына тәуелсіз үміткер болып түсуі де әбден мүмкін. Бірақ Блумбергтің өзі президент сайлауына түспейтінін қайталап келеді. Миллиардер әрі медиа-магнат Блумберг ұзақ жыл Демократиялық партияның құрамында болып, 2001-інші жылы Нью-Йорк әкімін сайлауға түсерінде республикалықтардың қатарына қосылды. Заң бойынша ол үшінші рет қатарынан әкім болып сайлана алмайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG