Accessibility links

Ресми Лондон атышулы жазушыға “рыцарь” атағын бергені үшін ақталып жатыр


ИСЛАМАБАД: Ұлыбритания өкілінің мәлімдеуінше, атышулы шығарманың автору Салман Рушдиге британ империясының “рыцарі” атағын беру Мұхаммед пайғамбарды қорлауды көздемейді. Сейсенбі күні Пәкістанның сыртқы істер министрлігіне шақырылғанда Англияның Исламабадтағы өкілі, Жоғарғы комиссар Роберт Бринкли осылай деп мәлімдеді. 1989-ыншы жылы жарыққа шыққан “Сайтанның өлеңдері” шығармасы үшін ресми Теһран жағынан өлім жазасына кесіліп, 10-даған жыл бойы Англияда бас сауғалап жүрген С.Рушдиге “рыцарь” атағының берілуіне Пәкістан және Иран ислам республикалары ащы наразылықтарын білдірген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG