Accessibility links

Израиль премьері мен Палестина төрағасы өзара келесі аптада кездеседі


ТАЯУ ШЫҒЫС: Израиль армиясының хабарлағанындай, бүгін Газа аймағынан Израильге қарсы зымырандық шабуылға әзірленіп жатқан топқа Израильдің соғыс ұшағы әуеден соққы берді. Оның қарсаңында Израиль үкіметі мен Палестина билігі еврей премьер-министрі Э.Ольмерт пен Палестина автономиясының төрағасы М.Аббастың алдағы аптада кездесетіндерін хабарлаған болатын. Кездесудің нақты күні айтылған жоқ. Өз кезегінде Э.Ольмерт М.Аббасты қолдау үшін Палестинаға тиесілі миллиондаған доллар салықты аударатынын мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG