Accessibility links

Ауғанстанда үш канадалық қаза тауып, 21 тәліп өлтірілді


Оңтүстіктегі Кандағар провинциясында көліктері бомбаға түсіп жарылған кезде Халықаралық бітімгершілік күштерінің үш солдаты құрбан болған. Олардың үшеуі де Канада жауынгерлері болған деп хабарланды. Жалпы 2002 жылдан бері Ауғанстанда 60-қа жуық Канада әскері қаза тапқан. Ал бұл аралықта Ауған жане НАТО жасақтары осы провинцияда бүлікшілерге қарсы әуе шабуылдарын жүргізіп, 21 тәліп өлтірілді деп хабарлаған.
XS
SM
MD
LG