Accessibility links

“Талибан” Кабулға шабуылдарын ұйымдастырмақшы


Талибан баспасөз-хатшысы “Азаттық” радиосының ауған қызметіне берген сұхбатында тәліптер өз тәсілдерін өзгертіп енді Кабулға шабуылдарын ұйымдастырады деп мәлімдеді. Белгісіз жерден телефон соққан “Талибан” баспасөз-хатшысы Забинуллаһ Мужахед Кабулдағы шабуылдар тәліптердің ең тиімді операциялары болуда деді. Ал Ауғанстан Ішкі істер министрлігі жанкештілік шабуылдардың алдын-алу үшін Кабулға баратын жолдарда қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатқанын хабарлады. НАТО Ауғанстанның қауіпсіздік күштерімен ынтымақтастығын күшейтетінін бірақ бұл елдегі әскери стратегиясын өзгертпейтінін айтты.
XS
SM
MD
LG