Accessibility links

Страсбург соты 2003 жылғы төрт шешеннің өліміне Ресей жауапты деп тапты


Саяси белсенді Зура Шараниева Битиева мен оның отбасындағы тағы үш адамды үйіне түн ішінде маска киген адам келіп бастарынан атып өлтіріп кеткен болатын. Сот қылмыскер Ресей арнайы күштерінің жасағы болған деген қорытындыға келді. Европаның адам хұқтары соты шешенстандық отбасы мүшелерінің өліміне Ресей әскерлері айыпты дей келе, Мәскеу осы отбасының туыстарына 114 мың доллар өтемақы төлеуі қажет деген шешім шығарды. Страсбург соты алдында осыған ұқсас ондаған іс бойынша талап-арыз түсірушілер жиналған.
XS
SM
MD
LG