Accessibility links

Германия Европа конвенциясын Польшаның келісімінсіз дайындаймыз деді


Евродақтың қазіргі төрағасы, канцлер Ангела Меркел Европаның жаңа келісімі бойынша келіссөздерді Польшасыз бастай беруге ұсыныс жасады. Меркелдің сөзіне қарағанда, ол үшін алдымен құжаттың негізін әзірлейтін үкіметаралық конференция шақырылады. Польша Евродақтың өз ішіндегі халық саны көп елдер үшін тиімді болатын жаңа дауыс беру жүйесінің енгізілуіне қарсы. Берлиннің ұсыныстарын Варшава жеткіліксіз деп тауып, құжатқа вето қоямыз деп ескерткен болатын. Келісімнің жаңа жобасы екі жыл бұрын қабылданбай қалған Евродақ конституциясын алмастыруы тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG