Accessibility links

Халықаралық қоғам Суданның Дарфур өлкесіндегі қантөгісті тоқтата алмай отыр


ПАРИЖ: Халықаралық қоғам Суданның Дарфур өлкесіндегі қантөгісті тоқтата алмай отыр. Дарфурдағы гуманитарлық дағдарыс проблемасы бойынша Парижде ашылатын халықаралық конференцияның қарсаңында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс осылай деп мәлімдеді. 12-нші маусым күні Судан үкіметі Дарфурға 20 мыңдық халықаралық бітім күшін орналастыруға келісімін берген болатын. Бірақ Судан үкіметінің өз сөзінде тұратынына дипломаттардың көпшілігі күмән келтіреді. Дарфурдағы 5 жыл бойы жалғасқан ішкі қантөгістің салдарынан 100 мыңдаған халық қырылып, 2 миллионға тарта халық босып кетті.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG