Accessibility links

Кісі ұрлаушылар өз тұтқынында отырған Би-Би-Сидің тілшісін жарып өлтіретіндерін ескертеді


ДУБАЙ: Интернетте кісі ұрлаушылардың қолында тұтқында отырған Би-Би-Си-дің тілшісі Алан Джонстон бейнеленген жаңа сюжет пайда болды. Сюжетте Джонстонның беліне “шаһид белбеуі” байланған тәрізді. Журналистің өзі мәлімдегендей, егер өзін босатуға әрекет жасалатын болса, онда кісі ұрлаушылар оны жарып жіберуге тиіс. А.Джонстон – 12-нші маусым күні Газа аймағында жоғалған болатын. Оны Палестинадағы “Ислам армиясы” тобы ұрлап алып кеткенін мәлімдеп, Ұлыбритания түрмелерінен ислам қайраткерлерін, оның ішінде Әбу Әл-Қатаданы босатуды талап етуде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG