Accessibility links

Иран өзінің валюта қорындағы доллардың үлес-салмағын 2 есе дерлік азайтты


ТЕҺРАН: Ұлттық экономикасына АҚШ-тың ықпалын азайту үшін Иран өзінің валюта қорындағы АҚШ долларының үлесін 50 пайызға қысқартты. Кеше Иранның мемлекеттік теледидарынан сөйлеген сөзінде Иранның Орталық банкінің вице-президенті Джафар Моджаррад өткен желтоқсан айында валюта қорының 40 пайызын құраған АҚШ доллары, енді, 20 пайызды ғана құрайтынын мәлімдеді. Ресми Вашингтон Иранның ядролық бағдарламасын іске асырып жатқаны үшін оны экономикалық қысымға алуға тырысып келеді.
XS
SM
MD
LG