Accessibility links

Ресей Балкан түбегі елдерін Батыстың ықпалынан шығарып алмақшы


ЗАГРЕБ: Балкан түбегінің энергетикалық проблемасын шешу үшін Ресей барлық шараны жасайды. Балкан елдерінің энергетикалық проблемасы бойынша кеше Хорватия астанасы - Загребте басталған “Балкан саммитінде” Ресей президенті В.Путин осылай деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, Ресейден Қара теңіздің табанымен Болгарияға дейін жаңа газ құбырын тарту жобасы бүкіл Еуропаға тиімді болады. В.Путиннің сөзіне қарағанда, Ресей компаниялары Балкан түбегінде газ сақтайтын қоймалар салуды және электр стансалары мен электр желілерін жетілдіруді көздейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG