Accessibility links

Ресей мен НАТО басшылары АҚШ-тың даулы жоспарын талқылайды


С.-ПЕТЕРБОР: Бүгін Ресейге НАТО-ның Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер келеді. Ол Ресей-НАТО Кеңесінің С.-Петерборда өтетін көшпелі сессиясына төрағалық етуге тиіс. Оның ізінше Бас хатшы Ресейдің сыртқы істер министрі С.Лавровтың қатысуымен Ресей-НАТО Кеңесіндегі тұрақты өкілдердің арнаулы мәжілісі өтетін Мәскеуге атбасын тірейді. Оның барысында талқыланатын басты тақырып – АҚШ-тың зымырандық шабуылдан қорғану жүйесін Еуропаға орналастыру жоспарынан туған қайшылықтар мен кәдімгі қарулы күштер туралы Келісім төңірегіндегі ахуал болмақшы.

AzattyqTV

Әлеуметтік желіге шолу

"Қызықстанның нұрлы жолдары"

XS
SM
MD
LG