Accessibility links

Дэн Сяопинның қызы Тянаньмың қырғынын ақтап отыр


Қытайдың бұрынғы басшысы Дэн Сяопинның үлкен қызы Дэн Лин 1989 жылы Пекинде демонстрацияға шыққан студенттерді ату дұрыс болды деп мәлімдеді. Бұл сөзін ол радиоға берген сұхбатында айтты. Дэн Лин Тянаньмың алаңындағы көтеріліс күшпен басылмағанда, Қытай аласапыранға тап болар еді дейді. Қытай үкіметі студенттер көтерілісінде 241 адам қаза тапты дейді. Жалпы, Тянаньмың алаңында жүздеген студент өлтірілді. Кейбіреулер мыңдаған студент өлтірілді дейді.
XS
SM
MD
LG