Accessibility links

НАТО өкілі Уәзеристан өлкесінде бейбіт адамдардың құрбан болғанын мойындады


НАТО-ның Ауғанстандағы жасағы Пәкістанның Уәзеристан өлкесінде бейбіт адамдардың құрбан болғанын мойындады. НАТО жасағы кеше мұнда зымыран соққыларын берді, Пәкістан әскерінің өкілі 28 тұрғын қаза тапты дейді. Олардың сыртында төрт пәкістандық сарбаз мерт болды, жалпы 60 шақты адам өлтірілді. Зымырандар Ауғанстан жерінен атылды. Шабуыл ауған-пәкістан шекарасының маңында жасырынған көтерілісшілерге қарсы бағытталды. НАТО-ның Ауғанстандағы өкілі бейбіт адамдар құрбан болып кетті, бұған өкініш білдіреміз деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG