Accessibility links

АҚШ өкілінің айтуынша, Пхеньянның ядролық реакторы 3 аптаның ішінде жабылуы мүмкін


АҚШ-тың ядролық мәселесі бойынша бас мәмілегерінің айтуынша, Солтүстік Корея өзінің даулы Ионгбион реакторын жақын арада жабады. Бүгін Токиода ресмилермен өткізген келіссөздерден кейін Кристофер Хилл Пхеньянның негізгі ядролық реакторы үш аптаның ішінде жабылуы мүмкін деп мәлімдеді. АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Кристофер Хилл осы аптаның басында Пхеньянға барған болатын. Солтүстік Кореяның мемлекеттік ақпарат құралдары келіссөздер “жемісті” болды деп хабарлады. Соңғы хабарға қарағанда, АҚШ тарапынан тұмшаланған Солтүстік Кореялық қаржы Ресейлік бір банкке ауыстырылған. Бул туралы бүгін Ресей сыртқы істер министрлігі хабарлады. Ақпан айындағы қарусыздану келісімін орындау үшін Пхеньян ол ақшаның алдымен жіберілуін талап еткен болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG