Accessibility links

Еуроодақ басшылары Еуропа келісімінің жобасы бойынша бір мәмілеге келді


Еуроодақ басшылары Еуропа келісімінің жобасы бойынша бір мәмілеге келді. Бұл туралы Брюссельде өткен келісссөздерден кейін бүгін таңертең хабарланды. Оның алдында Польша Еуроодақ елдеріндегі дауыс беру жүйесіне наразылық білдірген болатын. Еуроодақ басшылары кейін Польша президенті Лех Качинскийді бір мәмілеге келуге көндірді. Еуропа Комиссиясының президенті Жозе Мануэль Барросо осыған байланысты Германия канцлері Ангела Меркельді мадақтады.

“Еуропаға жасаған барлық әрекеттері үшін канцлерь Меркельге алғысымды білдіргім келіп отыр. Ол және Германия басшылығындағы оның әріптестері сәттілікке қол жеткізді. Көптеген адам бұл туралы осыдан бірнеше ай бұрын емес тіпті бірнеше күн бұрын да ойламаған еді”, - деді Жозе Мануэль Бароссо.

Сөйтіп саммитте талқыланған жаңа келісім жобасы екі жыл бұрын қабылданбай қалған Еуроодақ конституциясын алмастыратын болады.
XS
SM
MD
LG