Accessibility links

Ауғанстан президенті НАТО шабуылдарында қарапайым адамдардың құрбан болғанын айыптады


Ауғанстан президенті Хамид Карзай НАТО мен АҚШ жетекшілігіндегі операцияларда ондаған қарапайым адамның құрбан болғанын айыптады. Хамид Карзай ол “ұқыпсыз” операция болды деп мәлімдеді.

“Мұндай операция мен оның салдары енді жарамайды. Ауған халқы оларға бұдан былай шыдамайды”, - деді Хамид Карзай.

Бір аптаның ішінде Ауғанстандағы НАТО шабуылдарынан шамамен 90 қарапайым тұрғын қаза тапқан болатын. Мысалы бейсенбі күні елдің оңтүстігіндегі Хелманд өлкесінде орын алған НАТО әуе шабуылынан 25 қарапайым тұрғын қаза тапты. НАТО күштері, сондай-ақ, қақтығыстарда 80 бүлікшіні өлтіргендерін хабарлап отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG