Accessibility links

Мысырда ядролық энергетика инженер өмірлік абақтыға кесілді


Мысырда ядролық энергетика инженері Мұхаммад Сайыд Сәбір Әли тыңшылық жасады деп табылып, өмірлік абақтыға кесілді. Ол елдің Атом энергетика агенттігінде істеген. Мұхаммад Сайыд Сәбір Әли Израиль барлау мекемесіне қызмет ететін адамдарға құпия құжаттарды беріп қойды деп айыпталды. Ол айыппен келіскен жоқ. Іс бойынша сырттай сотталған Ирландия және Жапония азаматтары да өмірлік абақтыға кесілді.
XS
SM
MD
LG