Accessibility links

Солтүстік Корея тұмшалаудан босатылған 25 миллион долларды алдық деп растады


Солтүстік Кореяның ақшасы Макао банкісінде Америка Құрама Штаттарының сұрауы бойынша екі жылдай тұмшаланып жатты. АҚШ үкіметі ақша есірткі саудасы мен контрабандадан түскен дейді. Солтүстік Корея үкіметі ақша қайтарылмайынша алты тараптың келісімі бойынша ұйғарылған Яңбун ядролық реакторын жаппаймыз деген. Солтүстік Корея сыртқы істер министрлігің өкілі қаржы дауы шешілді, ақпан айындағы келісімді орындап, жалғыз ядролық реакторды жақын арада жабамыз деді. Ядролық реакторды тоқтату және тұмшалап тастау мәселесін талқылауға ертең елге Біріккен Ұлттар Ұйымының инспекторлары келеді.
XS
SM
MD
LG