Accessibility links

Ресей президенті Қара теңіз аймағы елдерін ұзақ мерзімді келісім жасауға шақырды


СТАМБУЛ: Ресей президенті Қара теңіз елдерінің экономикалық ынтымақтастығы ұйымының мүшелерін осы аймақтың нарығын тұрақтандыру үшін өздерінің энергетика саласындағы стратегияларын ұштастырып, ұзақ мерзімді келісім-шарттарға қол қоюға шақырады. Қара теңіз елдерінің кеше Стамбулда ашылған саммитінде В.Путин осындай үндеу көтерді. Мемлекет басшыларының қатысуымен өтіп жатқан саммитің ашылуында сөз сөйлеген Түркия премьер-министрі Реджеп Тайып Эрдоган саяси жанжалдар мен жер дауы Қара теңіз аймағының экономикалық дамуына бөгет болып келгенін мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG