Accessibility links

Беларуссияда қаржы жымқыры үшін ғана 12 жылға бас бостандығынан айрылады


МИНСК: Беларуссияда сыбайластық жемқорлыққа қатысты тағы бір зор қылмыстық іс қозғалды. Мемлекеттік “Белнефтехим” мемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы басшысы Александр Боровскийге “мол қаржыны жымқырды”, “қызмет бабын асыра пайдаланды” және “мемлекеттік құпияны жария етті” деген айыптар тағылып отыр. Беларусь Бас прокурорының мәлімдеуінше, бұл қылмыстар мұнай өнімдерін сатып алу барысында орын алып, мамыр айының соңында Боровскиймен бірге бірнеше жоғары лауазымды шенеунек ұсталған. Беларуссияда көп қаржыны жымқырған қылмыс үшін ғана бүкіл мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін түрмеге жабылады.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG