Accessibility links

"Юкос" компаниясының мүлігі "Роснефть" компаниясына өтіп жатыр


"Роснефть" компаниясы банкрот болған "Юкос" компаниясына тиесілі 500 бензин құю бекеттері мен мұнай өнімдері кәсіпорындарын сатып алмақ. "Роснефть" компаниясы кәсіпорындардың қазіргі иесі "Юнитекс" компаниясына 629 миллион доллар төлемек. "Роснефть" – Ресейдің ең үлкен мұнай компаниясы, мұның алдында "Юкосқа" тиесілі "Юганскнефтегаз" мұнай өңдеу зауытын сатып алған. Қаржы алпауыты Михаил Ходорковский басқарған "Юкос" компаниясы миллиардтаған доллар салық төлемеген деп жабылды. Ходорковскийдің өзі түрмеде жатыр.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG