Accessibility links

Сергей Лавров НАТО ұйымы Ресейдің қауіпсіздігіне нұқсан келтірмесін деп ескертті


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров НАТО ұйымы Ресейдің қауіпсіздігіне қарама-қайшы келетін қадамдарға бармасын деп ескертті. Сергей Лавров бүгін Мәскеуде Ресей мен НАТО кеңесінің шеңберінде НАТО-ның бас хатшысы Яап де Хооп Схеффермен кездесті. Сергей Лавров алдағы жұмысымыз оңай болмайды, себебі Еуропадағы қатардағы қарулы күштер туралы келісім, зымыраннан қорғану жүйесі сияқты мәселелер еуропалық және халықаралық қауіпсіздікке жатады, стратегиялық тұрақтылықтың жайттарына жатады деді. НАТО-ның бас хатшысы бұдан кейін Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті, Ресей мен НАТО-ның қатынастырын қиындатуға еш себеп жоқ деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG