Accessibility links

Тәжікстан ұлттық бейбіт келісімінің 10-жылдығын атап өтеді


Бүгін Тәжікстан 5 жылға созылған азаматтық соғысты аяқтау үшін қол қойылған бейбіт келісімінің 10-жылдығын атап өтеді. 1997 жылы маусымның 27-і күні Мәскеуде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Біріккен тәжік оппозициясының лидері Абдулло Нури Тәжікстанның Ұлттық Бейбіт келісіміне қол қойған болатын. Азаматтық соғыста 100 мыңнан аса адам құрбан болды, 500 мыңға жуық адам босып кетті, елдің инфрақұрылымы қиратылды.
XS
SM
MD
LG