Accessibility links

Тәжікстан Ұлттық бейбіт бітімнің 10 жылдығын тойлау үстінде


ДУШАНБЕ: Бүгін Тәжікстан 5 жылға созылған қанды азамат соғысын бітімге жеткізген келісімнің 10 жылдығын тойлау үстінде. Жергілікті тілшілеріміздің хабарлауынша, бүгін Ұлттық бірлік күні мерекесін тойлаған халық Душанбе қаласы мен оның сыртында жаппай шеруге шықты. Тәжікстанның сол кездегі және қазіргі президенті Э.Рахмон мен Біріккен тәжік оппозициясының лидері Саид Абдулло Нұри 1997-нші жылдың 27-нші маусымында Мәскеуде тәжік ұлтының бейбіт бітімге келуі туралы келісімге қол қойды. 5 жылға созылған азамат соғысында 100 мыңнан астам халық қырылып, 500 мыңдай халық босып кетіп, елдің инфрақұрылымы күйреді.
XS
SM
MD
LG