Accessibility links

118 балаға “ғасыр дертін” жұқтыруға айыптылардың 4-еуі шартты жазамен құтылды


ШЫМКЕНТ: Бүгін Шымкент қаласының соты 100-деген сәбиге СПИД дертін жұқтырған 16 дәрігерді 3-тен 8 жыл мерзімдерге бас бостандығынан айыру туралы өкім шығарды. Сот Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы директоры Нұрсұлу Тасмағамбетова мен оның күйеуіне және тағы 2 адамға шартты түрдегі жаза шығарып, қыршын кеткен сәбилердің ата-аналарының ащы наразылығын туғызды. “Салақтық жасады”, “пара алды”, “алаяқтық істеді” және т.б. айыптар бойынша Шымкенттегі сотқа бас-аяғы 21 адам тартылған болатын. Осы қылмыстардың салдарынан Оңтүстік Қазақстанда 118 бала мен 14 анаға “ғасыр дерті” жұқтырылып, 10 сәби қыршын кетті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG