Accessibility links

Қырғызстанда өлім жазасы жойылды


Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиев өлім жазасын жоюға қатысты заңға қол қойды. Енді Қырғызстанда ең үлкен жаза өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы болады. Қырғызстан билігі өлім жазасына 1998 жылы мораторий жариялап, содан бері оны жыл сайын созып келген болатын. Түркіменстан өлім жазасын 1999 жылы жойған тұғын, ал Қазақстан мен Тәжікстан және Өзбекстанда жазаның ең ауыр түріне мораторий жарияланған.
XS
SM
MD
LG