Accessibility links

Тони Блэр жаңа қызметке тағайындалды


Бұрынғы Британия премьер-министрі Тони Блэрдің Таяу Шығыс квартеті өкілі болып тағайындалғанын Израиль жылы қабылдаса, Палестиналық “Хамас” тобы бұл әрекетті айыптады. Израиль Сыртқы істер министрлігі Тони Блэрді Израиль мен Палестиналықтардың досы деп сипаттады. Палестина автономиясының президенті Махмұд Аббастың баспасөз-хатшысы Блэрдің жаңа қызметке тағайындалғанын қоштады, бірақ соғысушы “Хамас” тобының баспасөз-хатшысы “Блэр АҚШ-тың Ирақ пен Ауғанстандағы оккупациясын қолдайды” енді ол Палестиналықтардың мүдделерін емес Израильді қолдайтын шығар деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG