Accessibility links

Өз елінің құпиясын сатып аты шыққан миллиардер жұмбақ жағдайда қаза болды


ЛОНДОН: Лондонда мысырлық миллиардер әрі Мысырдың бұрынғы президенті Гамал Абдиль Ән-Насырдың күйеу баласы Ашраф Маруан қаза тапты. Мысыр мен британ баспасөзінің хабарлауынша, беймәлім себептен Маруан өзі тұрып жатқан үйдің балконынан құлаған. Ашраф Маруан – 1973-інші жылғы араб-израиль соғысының қарсаңында Мысыр мен Сирияның Израильге қарсы шабуылға әзірленіп жатқанын Израильдің барлау қызметіне хабарлауымен аты шықты. Алайда Израиль жағы одан “Мысыр үкіметінің тапсырмасымен жалған ақпар берді” деп күдіктеніп, оған сенбеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG