Accessibility links

Венесуэла президенті Ресейден қосымша соғыс техникасын сатып алмақшы


МӘСКЕУ: Венесуэла президенті Уго Чавес ресми сапармен Мәскеуге келіп, бүгін Ресей президенті В.Путинмен келіссөз өткізуге тиіс. Хабарға қарағанда, Ресей мен Венесуэла лидерлері энергетика мен сауда саласындағы қарым-қатынас мәселелерін, оның ішінде Венесуэланың Ресейден қосымша соғыс техникасын сатып алу мүмкіндігі сөз болатын сияқты. Осыған дейін Венесуэла Ресейден 3 млрд. доллардың қару-жарағын, оның ішінде соғыс тікұшақтарын, реактивті соғыс ұшақтарын және “калашников” тезатарларын сатып алған болатын.
XS
SM
MD
LG