Accessibility links

Ауғанстанның бірқатар облысын су шайып кетті, 50-ден көп адам қаза болды


КАБУЛ: Ауғанстанның шығысын су тасқыны шайып өтіп, 50-ден асқан адам қаза болды. Ресми биліктің хабарлауынша, сәрсенбіден бері қарай әйгілі Панджшер жазығында шамамен 30 адам, тағы 7 адам Кабул облысында суға кетті. Қалған адамдар Каписа, Кунар және Пактия облыстарында қаза болды. Аталған облыстарда сонымен қатар тұрғын үйлер қирап, егін алқабын, жолдарды, құдықтарды сел басып, төрт түлік мал қырылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG