Accessibility links

Мәскеу “Хамас” тобымен байланысын үзбейді


Мәскеу радикалды “Хамас” Палестиналық тобымен арадағы байланысын одан әрі жалғастыратын болады. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрлігінің Таяу Шығыс бойынша бөлімі басшысының орынбасары Олег Озеров Мәскеуде өткізген баспасөз-мәслихатында хабарлады. Оның айтуынша, Израиль мен Палестиналықтардың арасындағы дауды “диалог” арқылы шешуге болады. “Хамас” тобы Газа аймағын толығымен өз бақылауына алған соң Батыс елдері бұл топты оқшаулауға шақырды. Өткен жылы парламенттік сайлауларда жеңіске жеткен Хамас тобын ресми Мәскеу осыған дейін екі рет қабылдаған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG