Accessibility links

Румыния құпия түрмелерге қатысты айыптауларға наразылық білдіріп Еуропа Кеңесінен шықты


Румыния заңшығарушылары Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясынан шықты. Осылайша олар Румынияда Орталық Барлау Агенттігінің құпия түрмелері болды деген баяндамаға наразылық танытты. Құпия түрмелерге қатысты тергеу ісін жүргізген Швецария сенаторы Дик Марти осы айдың басында Польша мен Румынияда Орталық Барлау Агенттігінің лаңкестікке қатысты күдіктілерден жауап алатын құпия түрмелері болды деген баяндамасын жариялаған тұғын. Румыния мен Польша заңшығарушыларының айтуынша, Дик Марти өзінің баяндамасын негіздеу үшін сендірерлік дәлел келтірмеген.
XS
SM
MD
LG