Accessibility links

Түрік дәрігерлері Қырғыз премьер-министрінің уланғандығын растады


Қырғыз үкіметінің баспасөз қызметінің айтуынша, премьер-министр Алмаз Атамбаевты дәрігерлік тексерістен өткізген түрік дәрігелері осындай қорытындыға келген. Алмаз Атамбаев мамыр айының бас кезінде бір стакан су ішкеннен кейін екі күн бойына денсаулығы нашарлап кеткенін мәлімдеп, өзін біреулер уландырмақшы болды деген күдігін жария еткен еді. Үкіметбасының денсаулығын қараған қырғыз дәрігерлері Атамбаевтың ағзасында әлдебір улы заттың болғанын айтқан. Мұны растаған түрік дәрігерлері бірақ нақты қандай улы зат екенін ашып айтпаған.
XS
SM
MD
LG