Accessibility links

Лондонның орталығында полиция бомбаны залалсыздандырды


Жарылғыш зат автотұраққа қойылған көлік ішінен табылған, оның үлкен болғаны сондай, жарылған жағдайда қомақты зиян келтірер еді. Кейбір мәліметтерге қарағанда, машинада бомбадан басқа 200 литрдей жанармай болған көрінеді. Британияның жаңа премьер-министрі Гордон Браун былай деді:

- Бұл оқиғаның өзі біздің барлық уақытта өте қырағы болуымыз керектігін және көпшіліктің осындай жайттарға қашан да дайын болуы қажеттігін көрсетіп берді. Және мен кабинетті алдағы бірнеше күн бойына осы мұқияттылықты сақтауға шақырамын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG