Accessibility links

Армения парламенті шетелдік ақпарат құралдары туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады


Онда шетелдік хабарлар тарату құралдарына бірқатар қатаңдатылған шектеулер қарастырылған. «Азаттық» радиосы Армения редакциясының хабарлауынша, заңға енгізілген ұсыныстар бойынша Армения ақпарат құралдары шетел хабарларын әрбір таратқан сайын 200 доллар көлемінде салық төлейтін болады. Бұл жергілікті жергілікті жерде жасалған хабарларға төленетін салықтан 70 есе жоғары. Заң сондай-ақ мемлекет бақылауындағы жиіліктерді пайдалануға да тиым салады. ОБСЕ мен баспасөз хұқын қорғаушы топтар заң жобасын қатты сынға алды, ал оппозиция жетекшілері парламент мүшелерін заңды қабылдамауға шақыруда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG