Accessibility links

АҚШ бастаған коалиция күштері бейбіт тұрғындар құрбан болды деген хабарларды тексеріп, зерттеуде


Ауғанстанның оңтүстігінде жұма күні түстен кейінгі әуе шабуылдарында жараланған және құрбан болған бейбіт тұрғындардың саны 30дай болады деп Хелманд провинциясы, Герешк ауданының ресмилері мәлімдеген болатын. Коалиция жасақтары енді міне осы мәлімдеулерді тексерудеміз дейді. Ауғанстанда НАТО мен коалиция күштерінің операциялары барысында қарапайым азаматтардың құрбан болып жатқанына наразылық күшейіп, жақында Ауғанстан президенті Хамид Қарзай шетелдік жасақтарды абайсыздықтары үшін айыптаған еді.
XS
SM
MD
LG